ТОО "Горнорудная компания"
ТОО "Степное - РУ"
ТОО "РУ-6"
ТОО "Таукентское горно-химическое предприятие"
ТОО "Торгово-транспортная компания"
ТОО "Сервисный центр "Контроль, аналитика, метрология"
ТОО "Геотехносервис"
ТОО "Реммонтажсервис"
ТОО "Құтқарушы Тау-кен"

ҚҰЖАТТАМАҒА ҚОСЫМША

Сатып алудың қатысушыларына

тіркеу | кіру
Cұрақ-жауап

Компания туралы

«Тау-кен компаниясы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («ТКК» ЖШС) шұғыл басқарудың тиімділігін көтеру және уран өндіру мен өңдеудің өндірістік процесін бақылау мақсатында құрылды.

«ТКК» ЖШС Оңтүстік Қазақсан облысы, Созақ ауданы, Таукент кенті мекен-жайы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы әділет Департаментінде 2004 жылғы 19 тамызда № 22785-1958-ТОО тіркелді.

«ТКК» ЖШС –ның негізгі жұмысының түрлері мынадай:

 Уранды рудалар мен басқа пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және өңдеу;
  • Қазақстан Республикасының уран өнеркәсібін дамытудың бағдарламасы мәселелерін әзірлеу мен іске асыруға қатысу, уран және олардың қоспаларын барлау, өндіру, өңдеу және сату және «ТКК» ЖШС-ның аумағында орналасқан ядролық материалдарды қалпында ұстау мен қызмет көрсету;
  • Арнайы материалдарды, аспаптарды және жабдықтарды өндіру, радиоэкологиялық жұмыстарды жүргізу, радиоактивті қалдықтарды өңдеу мен сақтау бойынша ғимараттарды салу және пайдалану;
  • Геологиялық барлау мен геологиялық іздестіру жұмыстарды жасау, геологиялық кәсіпорындардың тікелей келісімшарттары бойынша осы жұмыстарға жұмсалған біріктірілген шығындарды жабу;
  • Өндірістік, коммерциялық, ғылыми техникалық, және кәсіпорынның басқа да қызметінің түрлеріне қаржы салу;
  • Ядролық материалдар мен жабдықтарды экспорттау және импорттау, ядролық материалдарды тасымалдау;
  • Ядролық отын кәсіпорындар мен ТМД елдерінің және басқа мемлекеттердің аумағында орналасқан атом-энергетикалық кешендердің арасында бірлеу байланысты дамыту;
«ТКК» ЖШС өз жұмысының барлық түрлерін Қазақстан Республикасының Үкіметі 2004 жылғы 23 қаңтарда № 78 өкімімен бекіткен Қазақстан Республикасының уран өнеркәсібін 2003-2030 жылдарда дамыту Бағдарламасы мен ҚР уран өнеркәсібін 2004-20015 жылдарда дамыту Бағдарламасына сәйкес стратегиялық жоспары негізінде жүзеге асырады.

Осыған байланысты Қазақстанның уран кәсіпорны ядролық отынның әлем нарығында дербес субъектісі болып қалыптасу кезеңі аяқталуына байланысты, және әлемнің уран саласында пайда болған өзгерістер «ТКК» ЖШС –ның 2015 жылға дейін ұзақ мерзімді Стратегиялық жоспарды әзірлеуді талап етті.

«ТКК» ЖШС-ның ұйымдық құрылымы осы жүйе бір текті өнімдер құрылымы үшін тиімді басқару жүйесі болғандықтан функциональды типті болады. Бұл ұйымның негізгі функциялары мен міндеттеріне сәйкес басқаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Басқарудың функциональды құрылымы басшының кәсіби мамандандыруын ескеріп отыруға, дұрыс емес шешімдерді қабылдаудың қауіп-қатерін азайтуға, мамандардың кәсіби беделін ес ептеп отыруға, басқарудың бірыңғай саясатын оңай қалыптастыру мен іске қосуға мүмкіндік береді.

«ТКК» ЖШС-ның басқаруының жоғары органы Байқаушы кеңесті сайлау айрықша құзыретіне жататын жалпы жиналыс( «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК АҚ - жеке дара Қатысушы) болып табылады. Байқаушы кеңес Қатысушының мүддесін қорғау мақсатында «ТКК» ЖШС-ның жұмысына жалпы басқару мен бақылауды жүзеге асырады.

«ТКК» ЖШС-ның күнделікті басқаруды және Басқарма төрағасы басқаратын Басқарманың жұмысын бас директор жүзеге асырады.

Компанияның құрылымына мыналар енеді:

«Тау-кен компаниясы» ЖШС-ның  «Степное кен басқармасы» филиалы Алматы қ. әділет Департаментімен 2006 жылғы 21 маусымда тіркелді, мемлекеттік тіркеу жөнінде № 3634-1910-Ф-л.куәлігі.  Филиал қызметінің пәні  еңбекті қорғау, жұмыскерлердің, халықтың және өнімдері тұтынушылардың  денсаулығын сақтау, сонымен қатар төмен радиактивті  қалдықтарды көму, ережелерге, стандарттарға және нормаларға  сәйкес   ластаудан және басқа зиянды әсер етуден қоршаған ортаны  қорғау бойынша қызмет көрсету болып табылады.

«Тау-кен компаниясы» ЖШС-ның  «Степное кен басқармасы» филиалы  мынадай жұмыстарды жүзеге асырады:

-          ЖҰШ әдісімен уран кен орнында  игерілген блоктарды қалпына келтіру(жою);

-          Төмен радиактивті қалдықтарды көму;

-          Арнайы автокөлікті жуу;

-          ЖҰШ әдісімен уранды шығару кен орнын  жою бағдарламасын әзірлеу.

 «Тау-кен компаниясы» ЖШС-ның  «Ақпаратты өңдеу орталығы» филиалы Алматы қ. әділет Департаментімен 2006 жылғы 21 маусымда тіркелді, мемлекеттік тіркеу жөнінде № 3634-1910-Ф-л.куәлігі.  Филиал қызметінің пәні инжинирингтік, маркетінгтік және сервистік қызмет көрсету, атап айтқанда «Тау-кен компаниясы» ЖШС-ның еншілес ұйымдарына бухгалтерлік және кассалық қызмет көрсету болып табылады.

Бәсекеге қабілетті  және экспортқа бейімделген уран кәсіпорны Қазақстанның өндірістік әрекетінде негізгі  стратегиялық бағыты болуы тиіс. «ТКК» ЖШС-ның 2015 жылға дейін дамытудың Стратегиялық жоспары белгілеген көрсеткіштер мен мақсаттары аясында мынадай еншілес кәсіпорындар құрылды:

  • «Таукент тау-химиялық кәсіпорын» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы әділет Департаменті Созақ ауданының әділет Басқармасымен 2006 жылғы 8 сәуірде тіркелді, мемлекеттік тіркеу жөнінде № 95-1958-13-ТОО куәлігі. Кәсіпорын Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Таукент кенті аумағында орналасқан. Уран Шу-Сарысу уран руда провинцияға енетін Қанжұған және Оңтүстік Мойынқұм кен орындарда өндіріледі.
  • «Степное-РУ» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы әділет Департаменті Созақ ауданының әділет Басқармасымен 2006 жылғы 8 сәуірде тіркелді, мемлекеттік тіркеу жөнінде № 94-1958-13-ТОО. Кәсіпорын Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы аумағында орналасқан. Осы уақытта Уран Шу-Сарысу уран руда провинцияға енетін Уанас және Мыңқұдық деген екі кен орындарда уран шығару жұмыстары жүргізуде. 
     
  • «РУ-6» ЖШС Қызылорда облысы әділет Департаменті Шиелі ауданының әділет Басқармасымен 2006 жылғы 7 сәуірде тіркелді, мемлекеттік тіркеу жөнінде № 129-1933-08-ТОО куәлігі. Кәсіпорын Қызылорда облысы Шиелі ауданы аумағында орналасқан.. Сырдарья уран руда провинцияға енетін Солтүстік Қарамұрын және Оңтүстік Қарамұрын кен орындарда уран шығару жұмыстар жүргізіліп жатыр.


Кен басқармалардың кен орындарында уран өндіру жұмыстары жерасты ұңғылап шаймалау (ЖҰШ) әдісімен жүргізіледі.

Сонымен қатар, өндірістік процестерді және еншілес ұйымдарды басқарудың құрылымын оңтайландыру мақсатында сервис-орталықтар құрылды:

«Реммонтажсервис» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы әділет Департаменті Созақ ауданының әділет Басқармасымен 2005 жылғы 5 желтоқсанда тіркелді, мемлекеттік тіркеу жөнінде № 69-1958-13-ТОО куәлігі. «Реммонтажсервис» ЖШС ағымдағы өндірістік жұмыстар бойынша ( техника мен жабдықтарды жөндеу, жинақтау бұйымдар мен материалдарды жеткізіп беру) қызмет көрсетеді.

«Геотехносервис» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы әділет Департаменті Созақ ауданының әділет Басқармасымен 2005 жылғы 5 желтоқсанда тіркелді, мемлекеттік тіркеу жөнінде № 67-1958-13-ТОО куәлігі. «Геотехносервис» ЖШС-ның жұмысының пәні жұмыс істейтін уранды ЖҰШ кеніштермен бірге жаға салынып жатқан кеніштер үшін геотехнология, геология және геофизика саласында жобалар, бағдарламалар жасау және арнайы жаңа жабдықтарды, әдістемелерді және т.б. әзірлеп, іске қосу болып табылады.

«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы әділет Департаменті Созақ ауданының әділет Басқармасымен 2006 жылғы 10 сәуірде тіркелді, мемлекеттік тіркеу жөнінде № 96-1958-13-ТОО куәлігі.«Сауда-көлік компаниясы» ЖШС «ТКК» ЖШС-нгың еншілес ұйымдары үшін жүктерді теміржол, автокөлікпен тасымалдайды және өңдейді.

«Сервисный центр «Контроль, аналитика, метрология» ЖШС Оңтүстік Қазақстан облысы әділет Департаменті Созақ ауданының әділет Басқармасымен 2006 жылғы 10 сәуірде тіркелді, мемлекеттік тіркеу жөнінде № 97-1958-13-ТОО куәлігі.

«СЦ «КАМ» ЖШС-ның қызметінің пәні уранды жерасты ұңғылап шаймалау әдісімен өндіруде алынған өнімді физикалық-химиялық сынақтан өткізуде (өлшеу) және аффинажды өндірісте ураны бар ертінділерді өңдеуде қызмет көрсету, уран өндіруші кәсіпорындардың өнімдерінің сапасын бақылау, өлшем құралдарды тексеру және оны ұйымдастыру, стандарттау қызметтерін көрсету(нормативтік құжаттамамен қамтамасыз ету) болып табылады

«Тау-кен компаниясы» ЖШС-ның «Ақпаратты өңдеу орталығы» филиалы Алматы қ. әділет Департаментімен 2006 жылғы 21 маусымда тіркелді, мемлекеттік тіркеу жөнінде № 3634-1910-Ф-л.куәлігі. Филиал қызметінің пәні инжинирингтік, маркетінгтік және сервистік қызмет көрсету, атап айтқанда «Тау-кен компаниясы» ЖШС-ның еншілес ұйымдарына бухгалтерлік және кассалық қызмет көрсету болып табылады.

«Тау-кен компаниясы» ЖШС-ның «Степное кен басқармасы» филиалы Алматы қ. әділет Департаментімен 2006 жылғы 21 маусымда тіркелді, мемлекеттік тіркеу жөнінде № 3634-1910-Ф-л.куәлігі. Филиал қызметінің пәні еңбекті қорғау, жұмыскерлердің, халықтың және өнімдері тұтынушылардың денсаулығын сақтау, сонымен қатар төмен радиактивты қалдықтарды көму бойынша ережелерге, стандарттарға және нормаларға сәйкес ластаудан және басқа зиянды әсер етуден қоршаған ортаны қорғау бойынша қызмет көрсету болып табылады.

 

«ТКК» ЖШС-ның ҚҰРЫЛЫМЫ
 



 

Степногорск қаласының әділет Басқармасымен 2008 жылғы 4 тамызда «Бірлескен кәсіпорын Қазатомөнеркәсіп Күкірт қышқыл зауыты» ЖШС тіркелді(мемлекеттік тіркеу жөнінде № 404-1902-16-ТООИУ куәлігі), кәсіпорын «Степногорск тау –химялық комбинаты» ЖШС-мен бірлесіп құрылды. Кәсіпорын жұмысының  негізгі түрі элементар күкіртті өңдеу, оның негізінде күкірт пен аккумулятор қышқылын шығару болып табылады.

Компания мынадай сертификаттарға ие:

ISO 9001:2000(сапа)

ISO 14001:2004 (экология)

OHSAS 18001:1999(қауіпсіздік және денсаулықты қорғау)


 

Copyright by GRK © 2007
Created by ImagineWebSolutions